Мекке қаласында 2010 жылы қажылыққа келіп, із-түзсіз жоғалып кеткен қажының денесі табылды.
Оны Муздалифа жұмыскері тауып алған. Криминалист мамандар өлі дененің жанынан білезігін де тапқан, сол арқылы бұл адамның осыдан төрт жыл бұрын қажылық еткені де анықталып отыр.
«Біз денені арнайы тексерістен өткізу арқылы мына браслетті таптық, бұл браслеттер барлық қажыларға идентификациялау мақсатында беріледі» деп мәлімдеді Мекке полициясының өкілі Ати әл-Куреши.
Қайтыс болған адамның жеке деректері әзірге анықталмады. Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл адам Муздалифада төрт жыл бұрын қайтыс болуы мүмкін, оны ешкім ескеріп, байқамаған. Ал оның денесі жауын-шашынның салдарынан төменге құлап кеткен болуы мүмкін.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.10.2014
4081
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру