Серфинг деп аталатын спорт түрінен әлем чемпионы Иски Бриттонның Иран мемлекетіне келіп, осы спорт түріне бойжеткендерді баулып жүргеніне осымен үшінші жыл. 2011 жылы елдің оңтүстік-шығысындағы Чабахаре қаласына келіп, толқын жотасында жарысқан оның бұл әрекеті бүкіл елді таңғалдырған еді. Жергілікті жұрттың дәстүріне сәйкес, Бриттон теңізге хиджаб киініп шыққан болатын.
28 жасар британдық бойжеткен қазіргі кезде Белуджистанда су спортының осы бір түрінен жаттықтырушы болып қызмет атқарады.
«Егер біздер серфингпен шұғылданатын болсақ, ең басты ереже – хиджаб киюді ұмытпауымыз керек. Біздің денеміз және басымыз жабық болуы тиіс», – дейді Бриттонның өзі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.10.2014
3946
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру