Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылмандықты жаңа қабылдаған бойжеткен барлығын асқа шақырды

15.10.2014 4002 0 пікір

Ислам дінін жаңадан қабылдаған австралиялық бойжеткен елдегі дінаралық араздықты жою мақсатында мұсылмандар мен басқа діни наным-сенімдегі жандарға арнап дастархан жайып, қонақ болуға шақырды.

«Мен діндер арасындағы араздық ұшқынын көктем айларынан бастап аңғардым десем де болады. Айналамдағы жандардың барлығы да сезіктене қарап, жақын қарым-қатынастан қашқақтайтынын байқадым», – дейді Никола Харрод.

Осылайша, ол Австралиялық мұсылмандар мен мұсылман еместерді табиғат аясындағы сейілге шақырып, дастархан басындағы емен-жарқын қарым-қатынас орнатуды орынды санаған. Табиғат аясындағы сейіл 18-қараша күні Канберра қаласында өтеді.

muslim.kz 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру