Gulf News ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Дубайда Құран кітаптары мен жайнамаздардың жаңа да ескі нұсқаларын мұқтаж жандарға таратуды қолға алған ауқымды акция басталды.
Дубайдағы ақпараттық басқару департаменті қызметкерлерінің бастамасымен қолға алынып, 1 қазанда басталған акцияның мақсаты – әмірліктегі қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп, әлем елдеріндегі мұқтаж адамдарға осы дүниелерді тарату.
«Көпшілігіміздің үйлерімізде Құран кітаптары мен ескі жайнамаздар, кілемдер бар. Біз тіптен оларды қолданбауымыз да мүмкін. Бұл акция осындай басы артық дүниелердері мұқтаж адамдарға беріп, қайырымдылық жасауға үлкен мүмкіндік береді. Ал біздің айналамызда бір Құран кітабын алуға мүмкіндігі жетпейтін қанша адамдар бар» дейді департамент директоры Мариам Бин Фахд (Mariam Bin Fahd).
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.10.2014
3717
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру