Өткен аптаның жексенбісінде Нью-Иорк штатындағы Чиктовага қаласының тұрғындарын таңғалдырған жағдай орын алды. Жергілікті сауда орталығына бас сұққан қала тұрғындарына бұл күні WNY Muslims деп аталатын белсенді топ мүшелері гүл таратты.
Адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаумен қатар, өмірлік маңызы бар өсиеттерді де жеткізуге ұйғарған жастар әрбір гүл шоғына Мұхаммед, Иса және Мұса пайғамбарлардың нақыл сөздері жазылған қағаз қыстыруды жөн санапты.
«Біздің мақсатымыз – қарапайым ғана гүл шоғын сыйлау арқылы дінаралық диалогты дамыту, адамдар арасындағы бауырмалдықты нығайту», – дейді аталмыш топтың белсенді мүшелерінің бірі Самад Хан есімді жігіт.
muslim.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.10.2014
3910
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру