Түрік үкіметі мектеп оқушыларының денелеріне тату, пирсинг және макияж салуларына заңмен тыйым салды. Ал Antalya Today агенттігінің мәлімдеуінше, елдегі оппозициялық күштер бұл тыйымдардың заңдық негізі жоқ деуде.
Аталмыш тыйым туралы ресми түрде «Resmi Gazete» басылымында сенбі күні жарияланған.
Осыдан біршама уақыт бұрын ел президенті Тайып Ердоған денеге салынатын татуға қатысты өз пікірін айтқан болатын. Шілде айында президент «Галатасарай» футбол клубының жарқын ойыншысына қолындағы тату суретін өшіруді сұраған. «Неге өз денсаулықтарыңа зиянды әрекет істейсіңдер? Шетелдіктердің қажетсіз қылықтарына әуес болмаңдар. Алла денеге сурет салуға тыйым салды және болашақта өздерің қолдарыңмен жасаған істен тері рагын беріп, жазаға тартуы мүмкін» деп Ердоған Берк Йылдыз атты ойыншыға ескертті.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.10.2014
4193
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру