Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті Құран яо тіліне аударылатын болды

13.10.2014 3924 0 пікір

Малави мемлекетінің мұсылман жамағаты қасиетті Құран Кәрімді жергілікті яо тіліне аудару жұмыстарына кірісіп кетті. Айтай кетейік, Малави және көршілес мемлекеттердегі мұсылмандардың 99%-ы осы тілде сөйлейді.

«Малавилік мұсылмандардың көбісі дерлік осы тайпа тілінде сөйлейді. Сондықтан да бізге бұл тайпаны аттап өтіп, Ислам жайлы сөз қозғаудың өзі артық», – дейді Ғұламалар Кеңесінің мүшесі шейх Мухаммад Усман. – Сондай-ақ, Мозамбик пен Танзания мұсылмандары да осы тілде емін-еркін сөйлей алады. Олардың қасиетті жазба құндылығын толық түсінуі үшін біз яо тіліне аударуды жөн санадық».

«Сонау 1880-жылдары араб саудагерлері бұл өлкеге ислам дінін әкелгенінде, алғаш болып иман келтіргендер де яо тайпасы болатын. Осы себепті, Құран Кәрімді яо тіліне аудару бұл тайпаға көрсетілген құрмет болары сөзсіз», – доктор Имран Шариф Мухаммад есімді ғұлама.

Бүгінде яо тілінде сөйлейтіндердің саны шамамен 2,5 млн адамды құрайды.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру