Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әлемдегі жетінші алып мешіт ашылды

12.10.2014 4107 0 пікір

Көлемі жөнінен әлемдегі құлшылық ордалары қатарынан жетінші орынды иеленген алып мешіт Пәкістан мемлекетінде ашылды. Жай күндері 25 000 жан құлшылығын өтеуге арналып салынған алып мешітте мұсылмандардың айтулы мерекелерінде 70 000-ға жуық жан намаз оқи алады.

Лахор қаласындағы Бахрия-Тауна деп аталатын бұл мешітке жабық аумағы жөнінен де теңдесер ғимарат жоқтың қасы. Мешіт мұнараларының биіктігі 165 футты құрайды.

Сәулетші Найяр Әли Дада жетекшілігімен тұрғызылған құлшылық ордасының едені мәрмәрдан төселіп, арнайы тапсырыспен жеткізілген канделябрмен өрнектелген. Жалпы мешіт көркемдігі сонау Моғол дәуірлеріне тиесілі ұлттық ою-өрнектермен әшекейленген.

Мешіттің екінші қабаты әйел адамдарға арналып салынған болса, төменгі қабатында Ислам өнерінің музейі мен медресе орналасқан.

Аталмыш мешіттің бас имамы болып белгілі Ислам ғалымы Аллям Шамсуль Арфин тағайындалды.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру