Нобельдің бейбітшілік сыйлығының екі бірдей лауреаты анықталды. Халықаралық сыйлықты бұл жолы пәкістандық оқушы Малала Юсуфзай мен үнді құқық қорғаушысы Кайлаш Сатьярти иеленді.
Малаланы марапатымен құттықтау барысында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун «Малала - БҰҰ -ның қызы, оның туған күні бізде «Малала күні»деп аталып өтіледі», деп мәлімдеді. Нобель комитетінің ресми мәлімдемесінде лауреаттардың балалар мен жасөспірімдерге қысым көрсетілуіне қарсы күресіп, барлық жеткіншектердің білім алу құқығын аянбастан қорғағандығы ерекше атап өтілген. Он жеті жастағы Малала Юсуфзай әлем бойынша нәзік жандылардың білім алу құқығының сақталуын жақтайды. Бұл жайлы «24.kz». хабарлады.
Екі жыл бұрын ауғандық тәлібтер оған қастандық жасаған болатын. Шабуылдан ауыр жараланған қайсар қыз енді елінен жырақта өмір сүруге мәжбүр. Ал Үндістанға белгілі Кайлаш Сатьярти – балалар еңбегінің пайдаланылуына қарсы күрескер.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.10.2014
4437
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру