Әлемге есімі танымал Бен Аффлек Real Time with Bill Maher телебағдарламасына түсірілім жүргізіліп жатқан кезде эфирде ислам дінін келемеждеген бағдарлама жүргізушісіне қарсы шығып, бұлай етуге болмайтынын жеткізген.
Эфирде жүргізуші Билл Майер исламды мафиямен теңестіріп, ал мұсылмандарды агрессивті деп, оларда либералды-демократиялық құндылықтар жоқ деген болатын.
«Олар қате сөйлеп қойсаңыз, немесе дұрыс емес сурет салған болсаңыз не кітап жазсаңыз олар сіздерге қол жұмсауы мүмкін» деп жүргізуші мәлімдеген сәтте кино әртісі Бен Аффлек бұл сөзбен үзілді-кесілді келіспейтінін айтты.
«Сіздің бұл сөзіңіз – өте ұят әрі өте қорқынышты. Бұл – нағыз дөрекілік. Миллиардтан астам мұсылмандар бейбіт тұрмыс кешуде, олар фанат емес, отбасыларын өсіруде, балаларын оқытуда, ешкімге зиянын тигізбей өмір сүуде» деді Бен Аффлек ашына.
Ал, эфир жүргізушісі Билл Майердің аталмыш шоу-бағдарламасы АҚШ-тағы ең танымал бағдарлама саналады, онда қоғамды алаңдатқан түрлі тақырыптарда өзекті мәселелер жиі талқыға салынатынын ескерер болсақ, кино әртісі Бен Аффлектің жанайқайы ерлікке пара-пар десек те болады.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.10.2014
4281
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру