Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тоқсандағы анасының қажылық жасасам деген тілегін орындады

09.10.2014 3872 0 пікір

Осыдан бірнеше жыл бұрын Сауд Арабиясына жұмысқа аттанған пәкістандық азамат ақыры 90-ға келген қарт анасының тілегін орындады. Ислам дінінің бес діңгегінің бірі – қажылық парызын өтесем деген қарт анасының тілегін жүзеге асырмақ болған ол тиісті қаражат табу үшін бірнеше жылын сарп еткен көрінеді.

«Тынбай еңбектенгенімнің арқасында ақыры мен 25 000 риал қаржы жинап, анамды қасиетті мекенге алып келдім», – дейді пәкістандық азамат.

«Мен анамды бірде көтеріп, бірде қоларбамен алып жүруге тырыстым. Дегенмен, ол пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннетіне сай жаяу жүруге талпынды», – дейді ол.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру