Сингапурлық мұсылмандар қасиетті Құрбан айт кезінде компаниялар қызметін пайдалана отырып, жер шарының көптеген мемлекеттерінде көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, құрбандық еттерін үлестіре алды.
Сингапурлықтар үшін «қашықтықтан құрбандық шалу» қызметін ұсынған осындай компаниялардың бірі Al-Qiblah International-дың төрағасы Азми Абдул Самаданың айтуынша, аталмыш тәсіл – құрбандық етінің құр ысырап болмай, мұқтаж жандарға толық жетуіне таптырмас құрал.
Осы тектес қызмет түрін ұсынған 20-ға жуық компания Құрбан айт кезінде жер шарының көптеген мемлекеттеріне барып, сингапурлықтар атынан құрбан шалды. Атап айтсақ, Индонезия, Камбоджа, Мьянма, Албания, Судан, Қытай, Бангладеш және Палестина секілді мемлекеттердегі мұқтаж жандарға сингапурлықтар шалған құрбандық еттері үлестірілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.10.2014
3971
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру