БҰҰ қоршаған ортаны қорғау мәселесі бөлімі (ЮНЕП) биологиялық әралуандықтың болашағын сақтауға арналған бағдарламасы бойынша даярланған баяндаманы қорытындылады.
Жан басына шаққанда етті пайдалану мөлшерінің аз болуы - азық-түлік жүйесінің тұрақтануын қамтамасыз етіп, ғаламшардың биологиялық әралуандығын сақтауда үлкен үлесі бар деседі ғалымдар. Баяндама авторларының бірі Пол Лидлей: «Біз адамзатты ет жеуден толығымен бас тартсын деген ойдан аулақпыз. Айтпағымыз, тек тамақтану нормасын ұстануға кеңес береміз және де бұл тұрғыда жетістіктеріміз де жоқ емес. Мәселен, Францияда ет өнімдерін тұтыну көрсеткіші азайған, ал Қытай үкіметі бұл мәселеде өте тиянақтылық танытып, ауылшаруашылықтың жойылып кету қауіпінің алдын алуда » деді ол.
БҰҰ-ның зерттеуі бойынша, жыл сайын тұтынылуға тиіс азық-түлік өнімдерінің үштен бірі ырысап болса, дамыған елдерде ол қалдыққа айналады, ал дамушы едерде өндіру және өңдеу барысында шығынға ұшырайды екен.
e-islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2014
3764
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру