Мекке өңіріне билік ететін Машал бин Абдулла ханзада Мекке жерінде "Ислам мәдениеті: шынайылық және заман көшімен бірге" деген тақырыппен 15 конференцияның есігін айқара ашатынын мәлімдемек. Бүкіләлемдік мұсылман лигасының ұйымдастыруымен өтетін үлкен форум жексенбі күні бастау алады. Лиганың Бас хатшысы, Аға улемдер кеңесінің мүшесі Абдалла әл-Турки: "Қажылық маусымында Меккеде өтетін конференция король Абдул Әзиз атымен тікелей байланысты. Ол мұсылман улемдерін Меккеде бас қосып, мұсылмандардың жағдайы мен мәселелерін талқылауға шақырып, бастама көтерген болатын" деп бұл форумның түпкі мақсатына тоқталды.
E-islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.09.2014
3885
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру