Ағылшын елінде тұратын Хенна Хан есімді мұсылман әйелі харам астан қорғау мақсатымен балаларын мектепке жіберерде киімдеріне көзге бірден шалынатындай етіп «тек қана халал» деген жапсырма желімдеп жіберуге мәжбүр болып отыр.
29 жасар Хенна Ханның бұл қадамға баруына бес жасар Хадидже Хан есімді ұлының мектептегі түскі ас кезінде бірнеше рет харам тағаммен тамақтанғаны себеп болып отыр. Осы себепті де олардың киіміне анасы диеталық шектеуді білдіретін жапсырма желімдеуге тура келген.
Бұрындары ол мектеп басшылығына өз балаларының тамақтануына байланысты шектеулер тізімін жазып берген болатын. Бұл тектес шектеулерді аллергиялық немесе вегетариандық науқастары бар балалар ата-аналары да жазып беретін көрінеді.
Хенна бәрінен бұрын 4 жасар Мұхаммед пен 3 жасар Тайибу үшін тым қатты алаңдайды. Себебі, олар әлі харам мен халал айыра алатындай дәрежеде емес дейді анасы. «Ол жерде тек менің балаларым ғана хараммен тамақтанып жатқан жоқ қой. Тағы қанша бала харам асты қолданады. Ал, егер олар аллергиялық ауруға шалдықса не болады?» – дейді ашынған ана.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.09.2014
4089
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру