"Биыл қажылық етуші 2 000 000 адам әл-Харам мешітінің кеңейтілген территориясында ғибадат ете алады" деп мәлімдеді екі қасиетті мешіттің қорғаушысы король Абдалла.
Король жобасында қажылық етушілерге әл-Харам мешітінің ішінде, солтүстік, батыс, шығыс аулаларында құлшылық етуге мүмкіндік жасалған.
Жоба аясындағы қайта қалпына келтіру, кеңейту жұмыстарының бүгінде 67 пайызы аяқталған. Король Абдалла жергілікті шенеуніктерге Қағба төңірегіндегі кеңітілген аумақты ашып, халыққа жағдай жасау керектігін тапсырды. Король Абдалланың бұл ірі жобасы Үлкен мешітте 2 000 000 адамның бір сағатта құлшылық етуіне ыңғайластырылған. Ал осы уақытқа дейін онда сағатына 52 мыңнан 130 мың аралығында ғана мұсылмандар ғибадат ете алатын.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.09.2014
4374
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру