Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

20 жыл мешіт тазалаушысы болған қызметкер «Құрметті азамат» атанды

25.09.2014 4204 0 пікір

Шешен елінің басшысы Рамзан Қадыровтың бұйрығымен 20 жыл бойы Грозный қаласындағы мешіттердің бірінде тазалықшы болып қызмет атқарған әйелге «Шешенстан Республикасының құрметті азаматы» атағы берілді.

Хамсат Джанаралиева бұл атақты республика басшысының өз қолынан алды. Сондай-ақ, ол салтанатты марапаттау рәсімі күні Рамзан Қадыров шаңырағының құтты қонағы болды.

«Мен өз бұйрығым арқылы Хамсатқа республикадағы жоғары атақты бергіздім. Марапаттау рәсімі кезінде оның бұл атақты алғандардың ішінде ең қадірлісі екен айттым», – дейді Рамзан Қадыров өзінің инстаграм парақшасында.

«Ол әрбір күнін мақтанышпен айтатындай өмір сүрген. Алайда, ол істеген жұмысына мақтау немесе артық ақы дәметпейді. Әрбір ісін Алла разылығы үшін атқаратын ол осымен 19 жыл жергілікті мешітті мұнтаздай таза етіп келеді. Бірақ, бұл ісіне бірде-бір рет ақы дәметпеген», – дейді ол жайында.

«Мен Хамсаттан біздер үшін дұға жасауын өтіндім. Мен оның дұғасы қабыл болатынына сенем», – дейді, Шешен елінің басшысы. 

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру