Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің архитектуралық сызбалары мен суреттері бәссаудаға салынды

23.09.2014 4874 0 пікір

Әлемге әйгілі «Сотбис» бәссауда үйі Медине қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің ең алғашқы кеңейту құрылысының 52 тұпнұсқа архитектуралық сызбалары мен 216 фотосуретін көрмеге шығарды. Бұл сызба жұмыстары 1651 жылы Сауд Арабиясының королі Абдель Азиз аль-Саудтың тапсырмасымен жасалған болатын.

60 жылға жуық уақытын сарп етіп, алып кешеннің сызбасын жасап шыққан мысырлық Фахим Моеменнің жанұясына тиесілі бұл құжаттарды қожайындары халық игілігіне ұсынуды жөн санаған. «Бұл топтама университетте немесе музейде тұруы тиіс. Бұл сызбалар жұртшылыққа тарихи сыр шертіп, қуанышқа бөлейді», – дейді олар.

«Бұл дегеніміз өте құнды деректер», – деп бағалауда кітаптар мен қолжазбалар маманы Ричард Фатторини. Дегенмен, Ричард бәссауда жабық өтетіндіктен, архитектуралық материалдардың мөлшерлі бағасын да айтудан бас тартты. Тағы бір айта кететін жайт, топтама жекелеген күйде сатылмайды.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру