Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мүфтилікке қайта сайланды

23.09.2014 3868 0 пікір

Мәскеу қаласында Ресейдің Еуропалық бөлігіне қарасты Мұсылмандар діни басқармасының VI мәжілісі өтті.

Мәжіліс барысында бес жыл мерзімге Діни басқарманың төрағасының сайлауы өткізілді. Ресей мұсылмандары қауымы дінбасыларының таңдауымен осы уақытқа дейін мүфти қызметін атқарған шейх Равиль Гайнутдин Мұсылмандар Діни басқармасының Төрағасы қызметіне қайта отырды.

Шараға қатысқан қонақтар мен делегаттар Діни басқарманың басшысын жауапты да жоғары қызметке сайлануымен құттықтап, Равиль Гайнутдиннің алдағы қызметіне де жемісті жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ, осы мәжілісте бірқатар маңызды қаулылар қабылданды. Атап айтар болсақ, осы уақытқа дейін Ресейдің еуропалық бөлігі мұсылмандарының діни басқармасы атауы Ресей Федерациясы мұсылмандарының діни басқармасы болып өзгертілді. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру