Палестиналық қажылардың алғашқы тобы өткен бейсенбі күні ел іргесін тастап, Сауд Арабиясына қажылыққа аттанды. «Қажылық етушілер Мысырмен шекаралас аймақты кесіп өтті» деп хабарлайды Палестина шекара қызметінің басшысы Махер Абу Сабха. Махер қажылардың алғашқы тобында 266 адам бар деп мәлімдеді.
Ал Палестинаның Дін істері министрінің орынбасары Хасан әл-Сайфидің айтуынша биылғы қажылыққа Сауд Арабиясына елден 2 508 адам аттанады. Сондай-ақ, 2014 жылдың есебі бойынша жалпы саны 6 280 адам ұлық ғибадатты орындайды екен. Оның ішінде 1 мың адамның қажылық қаражатын Сауд елі көтеріп отыр.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.09.2014
3845
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру