Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылмандар футболдан бауырластар лигасын құрды

22.09.2014 4073 0 пікір

Канаданың Онтарио штатына қарасты Миссиссога қаласының мұсылмандары футбол одағын құрып, қайырымдылық істерге қаржы жинаудың тың тәсілін ойлап тапты. «Біз бейтаныс адамдармен танысып, достасып, қоғамға пайдамызды тигізгіміз келеді»,- дейді Бауырластар лигасының негізін қалаған Захид Мерчант Brampton Guardian ақпарат көзіне берген сұхбатында.

Бауырластар лигасы мұсылмандардан жасақталған 6 командадан тұрады. Командалардың атауы мұсылман әлеміне қастерлі Аббасидтер, Аюбидтер, Моғолдар, Османлылылар, Селжүктер және Сұлтандар деп аталады. Жексенбіде Моғолдар Османлылармен ойын алаңында бақ сынасты. 

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру