Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚШ студент қыздары түгел хижаб киді

20.09.2014 5024 0 пікір

Батыс Виргиния штатының Маршал зерттеу университетінің мұсылман студент қыздарынан құралған топ оқу ордасында игі бір шараны ұйымдастырды. Шара барысында кез келген университеттің қыз-келіншектері өздері ұнатқан шариғат шәлісін киіп, өлшеп қарап көрулеріне болады.

«Біз осындағы Мұсылман студенттер қауымдастығының жұмысын жандандырғымыз келеді» дейді Маршалл университетінің түлегі Сюзан әл-Кавасми. Мұсылман қыздары өздерімен бірге түрлі стильдегі хижабтарды әкеліп, көрме жасап, қыз-келіншектер қауымына ұсынды.

Айта кету керек, аталмыш шара америкалық студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырған. «Мен ер адамдардың әйел баласының толық жарасымды киімінде болғанын құптайтынын ұғындым» дейді Пейн есімді студент қыз. Ал, осы шарадағы хижаб үлгілерінен тек студент қыздар ғана емес, университеттің мұғалімдері, оқытушылары да киіп көріп, қызығушылықтарын танытқан.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру