Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қауіпсіз қажылық үшін

19.09.2014 4089 0 пікір

Сауд арабиясының Денсаулық сақтау министрі Адель Факейх қажылық сапарымен келгендердің арасында карантинге негіз боларлық жұқпалы ауру түрі анықталмағанын айтады. "Алланың жолында міндетін өтеу үшін келген жандардың қауіпсіздігін жан-жақты қарастырдық" деген министр Мекке және басқа да қалалардағы медициналық мекемелердің қажыларға алғашқы көмек көрсету мүмкіндіктері кеңейтілгенін де айта кетті.

2 қазан күні басталатын қажылық маусымында әлемнің миллиондаған азаматын күтіп, шығарып салатын саудиялықтар әр келушіні жеке жеке тексеріп, оның бойында жұқпалы аурулар вирусы бар-жоғын жіті қадағалауды қолға алып отыр. Сондықтан да қажылыққа ниет еткен кез-келген кісінің еш уайымсыз Мекке жеріне келе беруіне болады деп түйеді Денсаулық министрі.

E-islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру