Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Индустар мен мұсылмандарды бірігуге шақырды

19.09.2014 4117 0 пікір

Будда дінінің басшысы Далай-лама Үнді елінде басталып келе жатқан дінаралық қоғамдық қақтығыстарды доғарып, индустар мен мұсылмандар жамағатын өзара бітімге келуге шақырды.

«Ол барлық тізгінді қолына алуды ұйғарды. Өйткені, Үндістандағы әрбір мәселенің шешімі оның мойнында», – дейді Далай-ламаның кеңесшісі Гелек Намгьял. – Әйелдер мен балаларды жәбірлеу, жалпы қоғамдық қысым оның пікірінше, үзілді-кесілді тоқтатылуы тиіс».

Естеріңізге сала кетейік, Үндістанда қазіргі уақытта индустық, ұлттық сипаттың белең ала бастағаны белгілі. Индустардың оңшыл радикалды көсемі жақында ғана барлық мұсылмандарды өз діндеріне өткізгілері келетіндіктері жайлы жасырмай айтқан болатын. Бұған қоса, Музаффарнагарде мұсылмандарды қудалау басталғаны жайлы жақында ғана жаңалық пайда болды. Мыңдаған мұсылман жамағаты туған үйлеріне қайта алмай, лагерьлік жағдайда қаңғып жүр.

Осы және басқа да мәселелер бойынша, Далай-лама елдегі түрлі дін көсемдерімен, атап айтқанда, индустар басшысы Шри Рави Шанкар және христиан архиепископымен кездесу өткізеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру