Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Джиддаға келген қажыларға ықылас ерекше

18.09.2014 3883 0 пікір

Мекке губернаторы әрі Орталық қажы комитетінің басшысы ханзада Машалл бин-Абдалла дүйсенбі күні король Абдул Азиз атындағы әуежай терминалына келіп, ондағы бақылау тәртібі, әлемнің түкпір-түкпірінен Меккеге келуші қажылардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.

Ханзада өткізу пунктілерінің барлығына көз жүгіртіп, алаңдар мен терминалдардағы тәртіпті қарап шықты. Ол қажылық етушілерге барлық жағдайды жасау үшін Мекке, Мәдине және бүкіл Сауд Арабиясы әуежайларындағы тәртіп пен қызмет сапасын арттыруды тапсырды. Бұл игі істер қажылық етуші мұсылмандардың құрметіне жасалады деді Абдалла.

Сондай-ақ, ол барлық бұл елге келіп-кеткенге дейінгі кезеңдерінде оларға өте көп көңіл бөлу керектігін де жеткізді. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру