Ислам ынтамақтастық ұйымының Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өтетін бесінші бизнес форумына әртүрлі өндірістік саладан 80 000-ға жуық мамандар қатысады деп күтілуде.
Ислам мен сауда істерін дамыту орталығының бірлесе ұйымдастырған 5 күндік форум аясында төрт ірі дөңгелек үстел отырысы болып өтеді: «Әлемдік мұсылман экономикасын дамыту», ИЫҰ-ның ЖОО арасындағы конференция, Азиялық экономикалық форум және Ислам туризмі бойынша Үшінші бүкіләлемдік конференция. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара аясында мұсылман базарындағы қызметтер мен азық-түлік түрлерінен, туризм және білім саласындағы мүмкіндіктерден сыр шертетін 1200 көрмелік стэнд қойылады. Форумға 50 елдің кәсіпкерлері мен өкілдері белсенді түрде қатысатыны белгілі болып отыр.
11 қараша күнгі форумның ашылу салтанатында Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разак Ислам әлемінің 10 ғұламасына «мұсылман әлемінің жауһары» атты марапатты тапсыратын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум жұмысы жылдан-жылға кең өріс алып, қарыштап келеді. Осы қалыппен дами беретін болса, 2020 жылға қарай форум жұмысы мұсылмандық сауда әлемінің бүкіләлемдік үлкен көрмесіне айналуы әбден дейді ұйымдастырушылар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.09.2014
3637
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру