Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Германияда шариғат полициясы пайда болды

17.09.2014 3708 0 пікір

Өткен аптада Германияның Вупперталь қалашығында мұсылман жастарынан құралған «шариғат полициясы» пайда болды. Жарқын түсті жазулары бар арнайы киім киінген шариғат полицияның мүшелері кешкісін қалашықтағы тәртіпті қадағалап, мейрамхана мен түнгі клуб маңындағыларға әдепке жат қылықтар жасамауларын ескертті.

Осылайша, олар музыка қатты қойылып, арақ-шарап ішіліп, құмар ойындары қызған жерлерге барып, оларға уағыз айтып, үгіттеуге кіріскен. Мәселен, Свен Лау есімді шариғат полициясының  айтуынша, ол осындай опа бермейтін отырыстың ертерек аяқталуына үлес қосыпты.

«Жолда кезіктірген үш жігіт казиноға бет алған еді, – дейді ол. – қастарында біздің келе жатқанымызға қарамастан олар ойнауға бара жатқандарын жасырмады. Дегенмен, жеме-жемге келгенде, екеуінің ұяттары оянып, казиноға кірмей қалды.  Үшіншісі амалдың жоқтығынан солардың соңынан ілесті. Қалай дегенде де, біз оларды бұрыс жолдан бір ретке болсын сақтап қалдық».

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру