Ағылшын графствасы Уэст-Мидлендстегі Ковентри қаласында қыздарға арналған жаңа ислам мектебі ашылды. Аталмыш мектеп Ұлыбританияның беделді оқу орындарына студенттердің түсуіне қол жеткізетін мектеп болмақ.
Оқу ақысы тегін бұл мектепте 11-12 жас аралығында 100 оқушы, 12-13 жастағы 53 қыз білім алады. Бұған қоса, аталмыш мұсылман білім мекемесіне оқуға ниет білдірушілердің ұзын сонар кезекке тіркелген тізімі тағы бар.
Мектеп директоры Әсия Рават мұнда оқуға түскен қыздардан тек қана Ұлыбританияның беделді оқу орнына түсуді мақсат етуін талап ететіндіктерін айтады. Әсия сондай-ақ мектепке болашақта заң саласында, медицинада, тіптен, үкімет үйінде премьер-министр болуды армандайтын білімді жастарды ғана қабылдайтындығын мәлімдеді. «Біз оқушылар оқу тәртібі мен ұқыптылықты ұстанып, жауапкершілікті ұғынады деп сенім артамыз» деді ол.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.09.2014
3946
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру