Сауд Арабиясының мамандары Қытай Кеңесі қол жеткізген келісімшарт негізінде қытайлық мұсылмандарға араб тілін оқытатын болды.
«Бізде араб тілін үйрететін ислам мектептері де бар. Алайда, бұл жеткіліксіз», – дейді Кеңес директоры Динь Хуи.
Ал, қашықтықтан білім беретін фирма бас директоры Зухайр бин Али Азһар араб тілін артықшылықтарын айта келіп, Қытай студенттерін қасиетті Құран Кәрімді түпнұсқадан қиналмай оқитын дәрежеге жеткізетініне уәде берді.
Ақпарат көздерінде Қытайдың нақты қай аймағында қашықтықтан оқыту жүйесі іске қосылатыны айтылмағанымен, көпшілігі Синьцзян болуы мүмкін деп жорамалдайды. Себебі, тура осы аймақта Қытай билігі жергілікті ұйғыр мұсылмандарына діни рәміздер мен білім алуға шектеу қойып келеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.09.2014
3714
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру