Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кардинал Ислам дінін жақтап сөйледі

15.09.2014 3825 0 пікір

Вашингтон қаласындағы католиктік шіркеудің кардиналы ИГИЛ басқыншыларын айыптап, шынайы Ислам дінінің бағыты басқа, мақсаты бөлек екенін ескертті.

«Аса рақымды да мейірімді Алланың атымен бастаймын, – деді сөз басын сиынудан бастаған МакКаррик. – Діннің ұстанымы адамзат ғұмыры мен оның құндылықтарын қастерлеуге шақырады. Құранды оқысаңыз да, Исламды зерттесеңіз де, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұйырғаны да – осы».

МакКаррик  кардинал атағын алмастан бұрын Вашингтонда бірнеше жыл  архиеспископ қызметін атқарған болатын. Солтүстік Америка Ислам жамағаты және Мұсылмандар Кеңесі ұйымдастырған шара барысында МакКаррик арнайы келіп, ИГИЛ тақырыбына баяндама жасаған еді.

Кардиналдың бұл баяндамасынан кейін АҚШ-тың Исламға қаны қас саясаткерлері МакКарриктің мұсылмандықты қабылдап алуы мүмкін деген жорамалға жол беруде. Оған кардиналдың ардақты пайғамбарымыздың есімімен кейін «Алланың сәлемі болсын» деуі және баяндамасын «Алланың атымен» бастағаны себеп болып отыр.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру