Бүкіләлемдік мәдени мұра бойынша түрік-кипр техникалық комитеті Кипр жеріндегі «Еврет» және «Черкез» мешіттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. Екі кампания жұмыстары да Еуропалық Одақтың «Мәдени мұра ескерткіштерін сақтау» бағдарлама аясында қаржыланған.
Айта кетейік, техникалық комитеттің жөндеуден өткізген бірінші ғимараты – «Деня» мешіті болатын. «Мәдени мұра ретінде біз ескерткіштер мен ғимараттарды ғана таңдаймыз. Болашақ үшін маңызы бар кез келген құндылық біз үшін өте қымбат», – дейді техникалық комитет мүшесі Әли Түнжай.
«Еврет мешітіне жөндеу жұмыстары келесі аптада басталып, қараша айының ортасында аяқталуы тиіс. Содан кейін «Черкез» мешітіне жөндеу жұмыстарына кірісеміз. Біз бұл екі жобаны да қолға алғанымызға қуаныштымыз. Бұл біздің тарихи, мәдени және діни құндылықтарымызға бей-жай қарайтынымызды білдіреді», – дейді аталмыш комитеттің грекиялық мүшесі Такис Хаджидеметриу.
Осылайша, «Еврет» мешітінің қабырғалары мен едені қалпына келтіріліп, есік-терезелері салынады. Күмбезі қайта қаланып, мешіт аумағы жөнделмек. Ал, «Черкез» мешітінің қазіргі кезде қалқиып қос қабырғасы ғана қалған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.09.2014
3950
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру