Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңа мектеп оқушы қыздарды биік мансапқа жетуге тәрбиелейді

15.09.2014 4245 0 пікір

Британдық Ковентри қаласында қыздарға арналған мұсылман мектебі ашылды. Аталмыш мектептің тағы бір ерекшелігі – бұндағы ұстаздар ұжымы мұсылман қыздарын биік мансап пен билікті орындарға жетуге тәрбиелейді.

«Иден» деп аталатын бұл мектептің директоры Асия Рават оқцшыларды жақсы оқып, парасатты білім алуға, сол арқылы болашақта атақты университеттерге қабылданып, мықты мамандық иелері болуға үндеді. Осылайша, ол өз шәкірттерінің Британияның премьер-министрі дәрежесіне дейін көтерілгендерін қалайтынын айтты.

Биылға жаңа оқу жылында мектептің жетінші сыныбына 11-12 жастағы 100 қыз, сегізінші сыныбына 12-13 жас аралығындағы 53 қыз қабылданды. Сондай-ақ, басқа да сыныптарға қабылданғысы келетіндердің қатары тіптен көп.

«Иден» мектебінің киім үлгісі қаракөк белдемше мен пиджак, ақ көйлек және күлгін түсті шариғат шәлісі. Дегенмен, шариғат шәлісін тағу-тақпау – оқушының өз еркінде. Мектеп қабырғасында қыздарға боянуға, әшекей заттар қолдануға және шалбар киюге қатаң тыйым салынған.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру