Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Норвегия премьер-министрі пайғамбар (с.а.с.) хадисін еске алды

13.09.2014 4419 0 пікір

Норвегия премьер-министрі Эрна Сольберг Ослода өткен радикалды «исламистерге» қарсы жиын барысында  Алла елшісі Мұхаммед (с.а.с.) хадисін өз сөзімен сабақтастырып, пікірін білдірді. Бұл сөз қазіргі уақыттағы ислам атын желеу еткен «Ислам мемлекеті» ұйымының экстремистік әрекеттеріне байланысты айтылды.

Терроризмге қарсы ұйымдастырылған мыңдаған діни және этникалық топтардан құралған норвегтіктер жиылған жиында Премьер-министр «Ислам мемлекеті» радикализмін сынға алып, пайғамбар хадистерін мысалға келтірді.

Жергілікті БАҚ-тың мәлімдеуінше, премьер-министр Сольберг ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) «Егер қандай-да бір жамандықты көрсең, оны қолыңмен тый. Оған шамаң келмесе, онда аузыңмен айтып тыюға  тырыс. Оған шамаң келмесе, онда бұл істі жүрегіңмен жек көр»  деген өсиетін айтқан. Норвег басшысы бүгінгі «исламшылдарға» қарсы жиынға шыққан мыңдаған мұсылмандардың өзі «қой терісін жамылған» ұйымдардың Ислам дініне еш қатысы жоқ екендігін көрсетеді деді. Премьер елдегі мұсылмандар қауымының экстремистік пиығыл мен әрекеттерден мүлде алыс екеніне сенім білдіретіндігін де жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, апта басында Норвегия премьер-министрі мен өзге саясаткерлер елдегі мұсылман қауымдастығы басшыларымен, мыңдаған норвегтік тұрғындармен бірлесіп Ослодағы парламент ғимаратының алдында радикалды ағымдарға қарсылық көрсету үшін жиын өткізуге біріккен болатын. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру