Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлыбритания студенттері оқу ақысын шариғатқа сай төлейтін болды

12.09.2014 4501 0 пікір

Ұлыбританияда мұсылман студенттерге оқу ақысын шариғат талаптарына сай төлеуге мүмкіндік жасалды.

Осыдан екі жыл бұрын британ білім ордаларында оқу ақысының көтерілгеніне байланысты мұсылман студенттеріне оқуларын жалғастыру қиынға соққан еді.

Төрт айлық дәрістен соң үкімет билігі оқу ақысын төлеудің жаңа түрін іске қосты. Енді мұсылман студенттері пайыздық үстеменің орнына садақа ретінде қаражат беретін болады. Бір қызығы, бизнес және инновация департаменті бұл схеманы мұсылман студенттеріне арнап шығармағандарын айтады.

Қалай болғанда да, британдық мұсылман студенттері енді оқуларын шариғат талаптарына сай жалғастыра алады.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру