Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қырым билігі Ислам құндылықтарын қалпына келтіреді

09.09.2014 3829 0 пікір

Қырым татарлары конференциясында республика басшысы Сергей Аксенов қазіргі уақытта Ислам құндылықтары мен ортағасырлық ескерткіштерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қалпына келтіретіндіктері жайлы мәлімдеді.

Жөндеу жұмыстары  Евпаториядағы Текие монастырына (XV-XVI ғ), Белогорскдегі Таш-Хан керуен сарайы (шамамен XV ғ.) мен Керчидегі Джума-Джами мешіттеріне (XIX ғ.) жүргізіледі.

Сондай-ақ, республика басшысы Симферополь-Ялта тас жолындағы Қырымның бас мешітіның құрылыс жұмыстарына да қолдау білдіріп отыр. Аксеновтің айтуынша, жаңа мешіт Қырымның сәнін келтіретін сымбатты кешендердің бірі болмақ.

Республика басшысы алдағы қазан айында Ескі Қырымдағы Өзбек мешіті мен медресесінің 700 жылдық мерейтойын мерекелейтіндерін мақтанышпен атап өтті. 

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру