Ресей мүфтилері кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин Х Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалінің ашылу салтанатында қоғамдық ислами телеканал құруға ұсыныс жасады.
«Ресейліктерге Ислам дінінің құндылықтары мен қағидаларын, ұстанымын жеткізу үшін ислами телеканал құру қажеттілігі туындап тұр. Біз осы арқылы Ислам дінінің мәдениетін, діни және адамгершілік тұрғысынан насихаттай алар едік. Бұл өз кезегінде халықтар достастығы мен мәдениеттерін біріктіретін құрал болары сөзсіз», – дейді Ресей мүфтилерінің төрағасы.
Қазіргі таңда Ислам діні жайлы теріс түсініктер мен қате көзқарастар қалыптасқанын тілге тиек еткен ол: «Телеканал ресейліктердің Ислам діні жайлы қалыптасқан қате түсініктеріне тойтарыс беріп, оның басты мақсаттары мен қағидаларын жеткізеді», – деп атап өтті ол.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.09.2014
3789
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру