Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Араб елдері ИШИР-ге қарсы күш біріктіретін болды

08.09.2014 4007 0 пікір

Араб Лигасының ИШИР мен бірлесе күресу керек деген шешімі жексенбі күні Каир қаласындандағы штаб-пәтерінде өткен Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде қабылданды, деп жазады ҚазАқпарат.

АЕЛ-ға қатысушы мемлекеттер радикалды топқа қарсы барлық жергілікті және халықаралық күштерді біріктурге келісті. Сонымен қатар, жиында Ирак пен Сириядағы экстремистерді қаржыландырып, әскери, логистикалық көмек беріп отырғандардың жолын кесуді барлық мемлекеттен талап еткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін мақұлдады.

Жиын басында АЕЛ бас хатшысы Набиль әл-Араби жиынға қатысушыларды батыл шешім қабылдауға шақырды. Оның айтуынша, терроризмнің ошағын сөндіру үшін экономикалық, мәдени, саяси, әскери салада кең ауқымды батыл шешім қабылдануы керек. 

e-islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру