Сауд Арабиясының Қажылық министрлігі қонақтарды құрметпен қарсы алу салтанатына қызу дайындық жүргізіп жатыр. Медине қаласындағы ханзада Мұхаммед Бин Абдулазиз атындағы әуежайға келіп түскен қажылар кедендік тексеру мен төлқұжат рәсімінен өтіп болғанша, мединеліктердің ыстық мейіріміне бөленетін болады.
Қажылыққа келген қонақтарды сәлемдесу әнін шырқатқан мектеп оқушылары раушан гүлімен қарсы алады. Алла Елшісінің қонақты күту сүннетіне сай мейірімділік пен қонақжайлылық танытқан олар қажыларға құрма жемісін ұсынады.
Қажылық министрлігінің Медине филиалының директоры Мохаммед бин Абдурахман Альбейянің айтуынша, аталмыш бағдарлама білім басқармаларымен бірлескен түрде жүзеге асқан көрінеді. Қазіргі кезде Мединеліктердің қонақтарды қарсы алу бағдарламасы ел арасында жақсы атқа ие болып, бірнеше құзіретті органдар бірлесе жұмыс атқаруға ниет білдірген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.09.2014
4145
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру