Қазан мұсылман кинофестивалі жылдан жылға танымал болып келеді. Сондай-ақ бұдан ары қарай да дами түспек. Бұл туралы кинофестивалдің ашылуына байланысты өткен пресс-конференцияда Ресейдің мүфтилер кеңесінің мүшесі, мүфти Равил Гайнутдин мәлімдеді.
"Он жылдан кейін біздің фестиваліміздің танымал болып үлгергенін көреміз. Биыл әлемнің 56 елінен 500-ге жуық өтініш келіп түсті. Оны тек мұсылман елдері ғана емес, батыс елдері де көріп, біліп отыр", - деп атап өтті Равил Гайнутдин мырза.
"Бұл фестивалде іріктеу комиссиясы бірлік, бейбітшілік, сыйластық, ынтымақтастық, дінде табандылық таныту секілді өзекті мәселелерге баса назар аударып отыр. Бұл әрине қуантады. Біз зорлық-зомбылықты, қантөгіс идеологиясына қарсы жұмыс жасап жатырмыз", - дейді Қазан кинофестивалінің директоры.
Фестивалдың ашылуына Татар мәдениет министрінің бірінші орынбасары Ирада Аюпова және басқа да танымал кино майталмандары келді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.09.2014
3906
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру