Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пензада Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаянынан сыр шертетін оқулық жарық көрді

04.09.2014 4025 0 пікір

Ресейдің Пенза облысының мұсылмандары діни басқармасының ұжымы «Мұхаммед пайғамбар (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) – ғаламның мақтанышы» немесе «ғаламның рақым нұры» деген тақырыппен оқулық шығарды. Кітап «Сүре» баспаханасынан басып шығарылды.

Аталмыш оқулық орыс тілінде жарық көрді, 430 беттен тұрады. Адамзаттың асыл тәжінің (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) ғұмырынан сыр шертетін оқулық ислами білім беретін бастауыш және орта сынып оқушыларына, сонымен қатар, көпшілік қауымға арналған. Баға жетпес осынау кітаптың осыдан кейін жарық көретін екінші томында Ақиық елшінің (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) Меккедегі кезеңін қамтиды. Өткен жылы «Сүре» баспасынан «Ислам дінінің ережелері мен қағидаларының энциклопедиясы» атты кітап оқырмандарға жол тартқан еді.

islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру