Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Флорида университетінде тұңғыш Ислам орталығы ашылады

03.09.2014 3828 0 пікір

Іргелі оқу орнында оқитын мұсылман студенттер санының жыл санап артуына байланысты Флорида университетінде қыркүйек айының соңына дейін Ислам зерттеу орталығы ашылады. Бұл орталық АҚШ-тың халық санының тығыздығы бойынша төртінші орындағы аймағының ислами орталығы болады деп жоспарлануда.

«Біз бұл жаңалыққа шексіз қуаныштымыз. Еліміздің оңтүстік шығысында мұндай жоба жоқтың қасы. Флоридада мүлдем жоқ деуге болады», - дейді Дінтану кафедрасы Африкалық зерттеулер орталығының доценті Терье Остебо.

Аталмыш ислам орталығы келешекте әлем бойынша Ислам жайында кеңірек әрі терең насихаттауға бағытталған түрлі курстар, зерттеулер жүргізетін болады деп күтілуде. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру