Чехия мемлекетінің Білім министрі Марель Хладек мектеп қабырғасындағы қыздардың шариғат шәлісін жамылғанда тұрған түк те әбестік жоқтығын дәлелдеп, сөз сөйледі. Өз сөзінде ол шариғат шәлісіне қарсы еместігін, алайда ниқаб киюге деген қарсылықтың негізі барын алға тартты.
Социал-демократтар партиясының белсенді мүшесі Хладек өз ұстанымын «Дуэль» атты бағдарлама барысында жайып салды. Оның айтуынша, шариғат шәлісінен туындайтын ешқандай мәселе болмағандықтан да, Білім министрлігі ешқандай ереже де, ешқандай нұсқау да шығармайды.
Бұл тақырып Чехия мектептерінде сомалилік және ауғандық отбасы қыздары шариғат шәлісін жамылғаны үшін мектептен шығарылғанда үлкен дауға айналған болатын. Енді Білім министрлігінің ресми мәлімдемесінен кейін мұсылман қыздары алаңсыз білім алуларына еш бөгет жоқ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.09.2014
3931
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру