Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арнайы қызмет басшысы: «Мұсылмандарға алғыс айтуымыз керек!»

02.09.2014 3947 0 пікір

ASIO Австралия ұлттық қауіпсіздік қызметі бас директоры Австралия халқы мұсылман қауымынан қате мен күнәні іздемей, керісінше терроризммен күресте көрсеткен көмектері үшін оларға алғыс айту керек деп мәлімдеді.

Қауіпсіздік қызметінің басшысы Дэвид Ирвин мұсылман елдерінде өздеріне әлемнің назарын аудартқан соғысқұмар бұзақылардан құралған аз ғана топтың әрекеті үшін бүтін бір мұсылман халқын қаралауға болмайды деді.

«Біздің айтар уәжіміз миллиондардың ішіндегі жүздеген қара ниеттілерге қатысты болуы керек. Және сол үшін Австралия мәдениетінде өзіндік орны бар елдіміздегі мұсылман қауымын кінәлау әділетсіздік болады» деді Ирвин Канберрадағы ұлттық баспасөз клубындағы отырыста.

«Аз ғана бұзақылар тобының әрекеті үшін бүтін бір қауымды айыптауға болмайды. Ел билігі айтқандай біз Исламмен немесе мұсылмандармен емес, біз терроризммен күресуіміз қажет. Мұсылман қауымының теріс ағымға түскен адамдарды бағытынан қайтару мақсатында жасап жатқан жұмыстары жуырда ғана Австралия мұсылмандары лидеріне тағылған сынның негізсіз екенін көрсетеді» деп ойын қорытты ол.

Айта кету керек, жуырда ғана арнайы қызмет өкілдері Австралия әуежайында Сирия мен Ирактағы содырлар әскеріне кетуге жиналған бір азаматты ұстаған. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру