Жуырда АҚШ-тың Нью-Джерси штатында халал мерекесі болып өтті. Роуленд бағында Оңтүстік Брансуика мұсылман жастары қоғамдық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіліп келе жатқан халал фестивалі қызықшылығына 50 сатушы және Нью-Джерси мен көрші Нью-Йорк және Коннектикут штаттарынан келген 4 мың адам куә болды.
Фестиваль алғаш рет 2012 жылы қолға алынып, артынан Чикаго, Торонто, Лондонда, АҚШ-тың өзге де қалаларында жалғасын тапқан еді. Ал Оңтүстік Брансуикадағы фестиваль жергілікті халал өндірушілер үшін үлкен жарнама, ал жергілікті азаматтар үшін демалыс, серпіліс болды. Қонақтар табиғат аясында отбасымен тынығып, дәмді ас-тағамдардан дәм татудан бөлек аттракциондарда әртүрлі жарыстарға қатысып, көңіл сергітер шоуларды тамашалады.
Ал осы фестивальден түскен қаржы қайырымдылық шараларына арналып отыр.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.08.2014
3974
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру