Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам дінімен үйлену арқылы күресуге шақырды

28.08.2014 4188 0 пікір

Үнді парламентінің оңшыл ұлттық партиясының мүшесі Бхаратия Джаната Йоги Адитьянатх өз діндестерін Ислам дінімен күресуге шақыруын тоқтатар емес. Амалы құрыған ақыр соңында адам айтса күлерлік жол ойлап тауыпты.

Елдің ашу-ызасын тудырған өзінің үндеуінде ол өз діндестеріне 100 мұсылман қызына үйленіп, оларды өз діндеріне кіргізуге кеңес беріпті. Осылайша, ол мұсылман жігітне күйеуге шығып, Ислам дінін қабылдаған әрбір индус қызының орнын жүз мұсылман қызымен толтыруды көздейтін көрінеді.

Алайда, ел наразылығы депутатты айтқанынан қайтып, бейнебаянның дұрыс монтаждалмағаны туралы мәлімдеме жасауға мәжбүрледі.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру