Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылық маусымы Сауд Арабиясына қанша қаражат әкеледі?

27.08.2014 4720 0 пікір

Алдымыздағы қазан айында болатын қажылық маусымы кезіндегі Сауд Арабиясының көретін пайдасы алдын-ала есептеліп, белгілі болды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, бұл жылы қасиетті мекеннің қожайындары қажылық маусымы кезінде 8 500 000 000  АҚШ доллары көлемінде пайда көрмек. Мәліметтерге сүйенер болсақ, биылғы жылы Мекке шаһарына келетіндердің саны 2 000 000-ды құрап отыр.

Зерттеу жұмыстары  биылғы жылы 1 980 000 мұсылманның, оның ішінде 1 380 000-ы (70%) шет елдердің келетіні туралы мәліметтер негізінде жасалған. Осы орайда, шет елдерден келген қажылардың бес күнге созылатын қажылық рәсімі кезінде орта есеппен 17 381 риал жұмсайтыны белгілі болып отыр. Ал,жергілікті мұсылмандарда бұл көрсеткіш 4 948 риалды құрайды.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру