Қасиетті Құранның орта ғасырларда хатқа түскен қолжазба нұсқасындағы парақтары Австралия астанасында өткен бәссаудада 68 мың долларға сатылды.
Саудаға шығарғандар не жақтауы да жоқ, не безендірілмеген қасиетті қолжазба ары кеткенде 37-55 доллар аралығында сатылады деп күткен екен. Нәтижесінде Лондон шаһарынан келген коллекционер оны аталған сомадағы қаражатқа ойланбай сатып алады.
«Біз – қарпайым бәссауда кеңсесіміз. Қолжазба 16-шы ма, әлде 14-ші ме немесе 18-ші ме, қай ғасырға тиесілі екенін нақты білмейміз. Алайда, жәдігердің сақталуында мін жоқ. Кей беттері жыртылғаны болмаса», – дейді осы бәссауданы ұйымдастырған Марк Оуэнс CNN ақпарат көзіне берген сұхбатында.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.08.2014
4011
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру