Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Біз мұсылмандарды 100 жыл жақсы көреміз

26.08.2014 3903 0 пікір


Австралия құрлығындағы барлық дін өкілдері осылай деп мұсылман жамағатына өз сүйіспеншіліктерін білдіріп жатыр. Дін өкілдерінің бұл қадамға баруына the News Limited баспасынан жақында жарық көрген Петра Лихи армиясы басшысының «біз ислам дінімен 100 жыл соғысамыз» деген мәлімдемесі түрткі болды.

«Австралия мұсылмандары қоғам алдында кінәсіз айыптауға ұшырап отыр», – деп жазады хаттардың бірінде бұл игі шараны ұйымдастырушылар.

Газетке жарияланған бұл хатқа 150-ден астам христиандық, иудейлік және басқа да дін өкілдері қол қойған. Олар үндеу хатта басқа да азаматтарды жақсылықта бірге болып, мұсылмандарға қолдау көрсетіп, игілікті істерге бірге болуға шақырған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру