Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Таңдауы Болливудтың орнына хижаб пен ислам іліміне ауды

26.08.2014 4342 0 пікір

Үнділік Кашмир өңірінің тумасы Мурсилин Пирзада бала кезінен актриса болуды арман етіп, Болливуд киноөндірісінде жұмыс істеуді мақсат етіп бой жеткен. Осы арманмен киноөндірісінің алғаш дәмін татқан кезден бұл салаға деген ықыласы әп-сәтте суып, Исламға жақындай түседі. Нәтижесінде, оның жүрек қалауы Болливудты емес, хижаб пен ислам дінін үйренуге ауады.

Кашмирлік дәулетті отбасыдан шыққан 23 жасар қыз осыдан бірнеше жыл бұрын қымбат джинсы, әшекейлермен әуестеніп, Үндінің атақты әртісі Карина Капур секілді болуды арман еткен еді деп жазады Indian Express басылымы.

Ата-анасы қыздың кинорежиссер Яшу Чопренің бір картинадағы көмекшісі болып қызмет етуіне мүмкіндік жасайды. Бір күні Маниш Шарма атты кинорежиссер қызға кинодағы басты рөлдердің бірін ойнауға ұсыныс тастайды. Осы сәтте Мурсалин өзін камераның алдында жалаңаш, қорғаусыз тұрғандай, әлсіз сезінді де бірден режиссерге киноға түспейтінін айтып, бас тартты.

Болливудтан кеткен соң, Мурсалин кездейсоқ үнділік имам Закир Наиктің ислам діні жайлы бейнеролигін көріп, соңында Исламға деген көкірек көзі ашылып, бұрынғы түрлі сәндегі джинсы, ашық киімдердің орнын хижаппен ауыстырады.

Осылайша Мурсилин Пирзада ислам діні жайлы білім алуға кірісіп, шешендік өнерден сабақтар алады. Бүгінде үнді қызы Хақ дінге шақырған уағыз бейнероликтерін түсіріп, өз замандастары мен халықты шақыру жұмыстарын жүргізуде. Оның Instagram желісінде қазіргі күнде 19 000 адам тіркелген. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру