Ыстамбұлда Сұлтанахмет мешітінің мұнарасынан асып кеткен ғимараттар сүрілетін болды. Яғни, әсем мешіттің көркін бұзып, мешіт мұнараларымен тай-таласып тұрған Зейтүнбұрны ауданындағы көк тіреген 85 метрлік үш ғимарат 45 метрге дейін қырқылады. Түркияның мемлекеттік кеңесі осындай шешім шығарды. Бұл тұрғын үй кешендері 2011 жылы салынып басталған еді. Ал осы жылдың қазан айында Ыстамбұл қаласының әкімдігі қаланың тарихи түбегіндегі ғимараттың биіктігіне шектеу қойған болатын. Міне бұл шектеуден шамамен екі есе асып кеткен ғимараттар енді бел ортадан сүрілетін болды.
islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.08.2014
4656
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру